ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да колония қоршауынан есірткіні лақтырмақ болған

Өскеменде ерекше тәртіптегі мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттары бар түйіншекті мекеме аумағына лақтырмақ болған 29 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Semey News.

Ол ораманы темір таяқшаның басына скотчпен мықтылап орап, таяқшаның ортасына зажигалканы орап, шамын жағып қойған.
“Жас жігіт жоспарларын жүзеге асыру үшін мекеме аумағына түнгі уақытта келген. Ол осы уақытта мекеменің іргелес аумағында қызметкерлер болмайды және ол өз жоспарларын жүзеге асыра аламын деп ойлаған. Ол тіпті тыйым салынған затты қоршаудың арғы жағында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тез тауып алуы үшін  металл таяқшаға шамы бар зажигалканы орнатып қойған. Алайда, жас жігіт өз жоспарын жүзеге асыра алмады, оны мекеменің іргелес аумағын күзетіп жүрген қызметкерлер ұстады”, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Ермек Айтмұқашев.

Оқиға орнына Ертіс ПБ жедел-тергеу тобы шақырылды, тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі жасалды.
Тәркіленген орам оның ішіндегі затты тексеру үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
“Есірткі заты расталған жағдайда жас жігітке қатысты ҚР ҚК 296 – бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан айыру орындарында жолдануы мүмкін”, – деп қорытындылады Ермек Айтмұқашев.
Шығыс Қазақстан облысының барлық колонияларында қызметкерлер осындай деректердің алдын алу үшін мекеменің маңындағы аумақтарда күзетуді күшейтілген тәртіпте жүргізуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button