Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, “KIA” көлігі “LADA Priora” көлігіне соқтығысып, соққы салдарынан “KIA” көлігі аударылып қалған. Жарақат алғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасына кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жол белгісінің шығынын өтейтін болады. Қазіргі уақытта шығын есептелуде.
Semey News