Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да 17 нысан «ASHYQ» жобасынан екі аптаға шеттеледі

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда «ASHYQ» жобасына 1200-ден астам субъектілер қатысуда. Олардың 500-ден астамы ресми қатысушы, 470-тен астамы ерікті қатысушы, 300-ге жуығы тестілік нысандар, деп хабарлайды Semey News.

Естеріңізге сала кетейік,  қосымшаны пайдалану шектеу шараларына қарамастан бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сheck-out бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстандағы 17 нысанда QR-код арқылы келушілерді тіркеу саны «нөлдік» есеппен тіркелген. Осыған байланысты, 16 шілдеден бастап олар екі аптаға жобадан шеттеледі. Олар – Күршім және Үржар аудандарындағы қоғамдық тамақтану нысандары, Семейдегі компьютерлік клуб, Риддердегі лото клубы, Үржар және Алтай аудандарындағы санаторлы-курорттық нысандар, Күршім ауданындағы, Өскемен қаласындағы мемлекеттік органдар, облыс орталығындағы және Шемонаиха ауданындағы спорттық нысандар.

QR-кодтары өшірілген қатысушылардың толық тізімін облыстық әкімдіктің келесі сайтынан қарауға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/activities/13227?lang=ru&parentId=12418.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button