ҚазақстанОқиғаТОП

Алматыда жол апатында ерлі-зайыптылар мерт болды: 18 жастағы көлік жүргізушісі қамауға алынды

Алматыда жол апатында ерлі-зайыптылар көз жұмды. Оқиғаға кінәлі деп танылған көлік жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық полиция департаменті Қарасай аудандық сотының тергеу судьясының 13.07.2021 жылғы қаулысымен Алматы-Жандосов-Бесмойнақ автожолының 25 шақырымында 06.07.2021 жылы орын алған жол-көлік оқиғасы туралы күдікті Land Cruser автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісіне қатысты екі ай мерзімге “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлайды, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 6 шілдеде орын алды. Жол апатынан қайтыс болған ер адам мен оның әйелінің туыстары оқиғаның куәгерлерін іздеп жүргені хабарланды.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button