ҚоғамСемейТОП

Семейде қатты соққан жел үй ауласындағы ағаштарды құлатқан

Қатты соққан желден көп қабатты тұрғын үй ауласындағы кәрі ағаштар құлаған, деп хабарлайды Semey News.

Чехов көшесі бойында орналасқан көп қабатты үй тұрғындарының айтуынша, сағат 18:00 шамасында қатты жел тұрып, бірден үй ауласында өсіп тұрған бірнеше ағашты құлатқан. Зардап шеккендер жоқ.

“Мен жұмыстан қайтып келе жатқам, дереу күнқағардың астына кірдім, қорыққаннан кілтімді тауып үлгергем, артыма ағаш құлады”, – деді үй тұрғындарының бірі.

Аулаға кірер жолды құлаған ағаш жауып жатыр. Тұрғындардың айтуларынша, олар бұрыннан ескірген теректерді қидыруға мамандар жалдағылары келген, алайда аталған қызметті қалталары көтермеген.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button