ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО
Шығыс Қазақстанда қызыл кітапқа енген балықты аулаған ер адам жазаланды
Қызыл кітапқа енген, жойылу алдында тұрған балықты аулап, оның уылдырығын сатпақшы болған шығысқазақстандық азамат бір жалға шартты түрде бас бостандығынан және екі жылға балық аулау құқығынан айырылды, деп хабарлайды Semey News.
ШҚО ҚАЖД Сол жағалау аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Бауыржан Төлеухановтың берген мәліметі бойынша, аталған ер азамат 200-ден артық ленка балығын ұстаған және 27 литр шамасында уылдырық алған.
«Сотталған тұлға пробация қызметіне есепке алынды. Қазіргі уақытта профилактикалық жұмыстар жүргізілуде және де пробация қызметінің бақылауында болады. Құқықбұзышылық екінші мәрте қайталанған жағдайда бостандығын шектеу – бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Бостандығын шектеу бойынша жазасын өтеу ережесі оған толықтай түсіндірілді», – деп қосты Бауыржан Төлеуханов.
Semey News