Озерки ауылдық округіне 3 мыңнан астам тұрғыны бар 9 тұрғылықты мекен кіреді. Аталған округте ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығының және де туристік бағыттың дамуы байқалады. Бірақта бұрынғысынша проблемаларда жеткілікті, атап өтсек, бірінші кезекте – жол және ауыз су мәселесі, сондай-ақ қоғамдық көлік пен спорттық алаңдардың жетіспеушілігі.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Озерки ауылы толықтай жарықпен қамтылған, 264 шам орнатылған. Сонымен қатар ауыл көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген, алайда жалғастыруды жалғастыруды қажет етеді. Қаштақ, Тепқашы және Талица ауылдарында жолға жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі уақытта Семей-Талица, 0-32 шақырымдық жол жобасы сараптамада қаралуда.
- Мен болып қайтқан Талица ауылында болдым. Ауыл тұрғындары өздерінің жеке қаражат есептерінен ҰОС батырларының аты жазылған ескерткіш тақтасын орнатқан. Қазіргі уақытта Қаракөл ауылында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, ол жерде ауыз су стансасы орнатылады. Талица ауылы сонымен қатар мықты ұялы байланыс желісінен мұқтаж, округ әкімі ұялы телефон мұнарасын қосымша 30 метрге көтергендігі туралы есеп берді. Алайда бұл округті толықтай қамтымай тұр. Сонымен қатар, ауылда мал жайылымы жеткіліксіз. Тиісті мемлекеттік орган басшыларына барлық мәселелер бойынша тапсырма берілді, – деді Бақытжан Байахметов.
Барлық мәселені шешудің тиімді жолы, әкімнің ойы бойынша, сапалы жоспар жасау және оны іске асыру. Осы мақсатта Б.Байахметовпен жергілікті әкімдікке ауылдық округті дамытудың кешенді жоспарын жасау тапсырылды. Жоспар ауылдық округтегі барлық әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық мәселелерді қамтуы тиіс. Аталған жоспарға сәйкес барлық мәселе шешілуі керек.
Semey News