Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

Шығысқазақстандық әйелге хабарсыз “вакцина” салынған

Өскеменнің тұрғыны короновирусқа қарсы екпе алмай, кездейсоқтан өзінің вакцинацияланғанын білген, деп хабарлайды Semey News.

Шығыс Қазақстан облысында вакцина алғандар базасында қателіктер орын алған. 47 жастағы өскемендік әйел адамды вакцинацияланды деп базаға енгізген. Әйел адам бұл туралы өз еркімен екпе алуға келгенде білген. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қателіктер жиі орын алуда.

“Вакцина алу үшін арнайы ем-шара бөлмесіне кірдім. Екінші медбике: “Тоқтаңдар, вакцина қоймаңдар! Ол вакцина алған!”- деп айқай салды. Мен, вакцинаны Үржарда алған болып шықтым. Тіпті Үржарға қатысым жоқ, ол қай жақта екенін де білмеймін, ол жақта ешқашан болып көрген емеспін. Тіпті онда туыстарым да, достарым да жоқ”, – деді Ирина Бочарникова.

Вакцина алғандардың базасында Ирина короновирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 19 маусымда алғаны жазылған. Құжатта оның қолы қойылған. Құжат бойынша енді ол екінші компонентті алуы қажет.

“Вакцина картасында: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы Үржар ауданының № 2 аудандық ауруханасы, Биюнтаева Анара Бактыкановна рұқсат берген, деген жазба бар. Сонымен қатар берген ақпараттық келісімі де бар. Барлығы тәртіпке сай жазылған. Оған «Спутник V» вакцинасын қойған”, – деп хабарлады учаскелік медбике Әйгерім Құсманова.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ЖСН-ді қате енгізулеріне немесе бағдарламаның істен шығуына байланысты қателіктер орын алуы мүмкін.

“Біз мән-жай толық анықталмайынша ол адамға вакцинация қоймаймыз. Қателік туралы тиісті органға хабар береміз, құжаттарды тәртіпке келтіреміз. Егер, оның вакцина алмағаны расталған жағдайда ғана біз оған бірінші компонент бойынша вакцина қоямыз. Бұл біздің тәжірибеміздегі екінші жағдай”, – деп түсіндірді Өскемен қаласының “Вита-1” емханасының директоры Рая Рахимова.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button