
Жамбыл Жабаев бүкіл өмірін ең жақсы адами қасиеттерді — ұлтжандылық, тектілікті, құқық ісіне адалдық пен әділдікті жырлауға арнады. Қазақ ақынының талантын ақынның көзі тірісінде-ақ жоғары бағалаған.
Ақынның нақты туған жылы туралы мәлемет жоқ. Дегенмен, Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда дүниеге келген деген аңыз бар. Әкесі жаңа туған баланы Жамбыл деп қоюының себебі бар. Ол қиын кезде пана болған таудың аты екен. Ерте жастан бастап ақын бала қызығушылығымен ерекшеленді. Ол көбінесе шопандар мен табыншылардың әндерін тыңдап өскен.
XIX-XX ғасырлар аралығында Жамбыл Жабаев даңққа ие болды. Ол көптеген айтыстарға қатысып, көпті аузына қаратқан. Ақын 1945 жылы 22 маусымда қайтыс болды. Ақын ғасырлық мерейтойына сегіз ай қалғанда өмірден озды.
Бүгінде еліміз Жамбыл Жабаевты ерекше құрметтейді. Қазақстанның көптеген қалаларында ақынның құрметіне тұрғызылған ескерткіштер мен көшелер бар. Семей қаласында да аты мәшһүр ақын атындағы көше бар. Бұл көше қаламыздың сол жағалауында орналасқан.
Айта кету керек, бүгінде Жамбыл Жабаевтың өлеңдері 50 шет тілінде айтылады. Демек, ақынның шығармашылығы өзектілігін сақтап келеді.
Semey News