
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 44 631 нысан тексеріліп, 1 640 бұзушылық анықталған. 36 503 338 теңге сомасына 463 хаттама жасалып, 25 097 985 теңге сомасына 363 айыппұл өндірілді.
1-30 маусым аралығында жеті мыңға жуық нысанға тексеру жүргізіліп, 158 бұзушылық анықталды. Екі миллион теңгеге жуық сомаға 12 хаттама жасалды. Үш миллион теңгеден астам сомаға 21 айыппұл өндірілді.
1-12 шілде аралығында бір жарым мыңға жуық нысан мониторингпен қамтылып, 96 бұзушылық анықталды. 845 930 тг сомасына 6 хаттама жасалды. 3 айыппұл өндіріп алынды. Олардың жалпы сомасы 600 902 теңгені құрады.
“Жылу картасына” кіретін 114 нысан күнделікті мониторингпен қамтылған.
Мониторинг жалғасуда.
Semey News