Covid-19ҚазақстанҚоғамТОП
Елімізде міндетті вакцинация мерзімі қайта қаралады
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 2021 жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарауды және белгілеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады.
Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді:
- коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау стратегиясын әзірлеу;
- биылғы 19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;
- Pfizer компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;
- биылғы 19 шілдеге дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;
- ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;
- биылғы 19 шілдеге дейін Ashyq сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;
- эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтер мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Semey News