
Саяси партиялар 77 сайлау округтері бойынша өз кандидаттарын ұсынды: «NurOtan» партиясы – 61 кандидат, «Ауыл» ХДСП – 19 кандидат, «Ак Жол» ҚДП – 1 кандидат, «АDAL» СП – 3 кандидат, ҚХП – 2 кандидат, ЖСДП – 1 кандидат.
Ұсынылған 239 кандидаттың 178 (74,5 пайызы) – ер адамдар, 61 (25,5 пайызы) – әйел адамдар.
Кандидаттардың орташа жас – 43,7 жас, ең жас кандидат – 26 жаста, жасы ең көбі – 61 жаста.
Ұсынылып отырған 94 кандидат ауылдық округте тұрады. 130 – ауданда, 14 – облыста тұратындар.
3 кандидат өз кандидатураларын кері қайтару бойынша өтініш білдірді. 1 кандидат «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкестіктен өткен жоқ.
– Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестіктерін анықтау және тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев.
Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде 3 кандидат ұсынылды. 12 шілдедегі жағдай бойынша 233 кандидат (99,1%) тіркелген.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Semey News