ОқиғаСемейТОП

Семейде автокөлік өртенді

Семейде тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөлік өртенді, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық ТЖ басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Шәкәрім даңғылы бойында орналасқан үйлердің бірінің ауласына уақытша тұраққа қойылған автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт болып, көлік ішіне өршіген.
Өрт сөндірушілермен тілсіз жау сөндірілді.
“Өрт шығуының себебі – қауіптілігі жоғары қондырғыларға абайсыз қарау. Оқиға салдарынан жарақат алғандар жоқ, көлік иесі оқиға орнында болды”, – деп түсіндірді төтенше жағдай өкілдері.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button