ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Семейде 8 шілдеде әйел адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы 08 шілдеде сағат 20.40  шамасында белгісіз жүргізуші Б.Момышұлы-Уәлиханов көшелерінің қиылысында “TOYOTA ARISTO” көлік құралын басқара отырып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, содан кейін жол-көлік оқиғасы болған жерден белгісіз бағытта қашып кетті.

Аталған факті бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 27 жастағы жүргізуші анықталып, ұсталды.

“Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ҚК – нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша-көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады”, – деді полиция басқармасының баспасөз қызметінде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button