
Депутаттар ұстаздар мен шәкірттерге қашықтан оқытуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге қатысты жақында қабылданған заң ережелерін түсіндірді.
– Енгізілген түзетулер «қашықтан оқыту» ұғымын нақтылап берді. Сондай-ақ сабақ өткізу тәртібі белгіленді. Оқулықтарды сапалы дайындаудың жекелеген ережелері енгізілгенін де айта кетуіміз керек, – деді Алтынбек Нұхұлы.
Сенатор Нұржан Нұрсипатов сессия барысында атқарылған жұмыстар туралы әңгімелеп, инклюзивті білім беру туралы қабылданған Заң өзгерістеріне жан-жақты тоқталды.
– Заңда инклюзивті және арнайы білім берудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, сондай-ақ еліміздің заңнамасын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция қағидаттарына сәйкес келтіру жөніндегі міндеттер айқындалды, – деді ол.
Semey News