ШҚОҚоғамТОПШҚО

«Заңсыз-Трафик» ЖПІШ: 800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

" Заңсыз-Трафик" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыруына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды Semey News.

– Акция барысында құқық қорғау органдары Өскемен қаласында Өзбекстан Республикасының 26 азаматын анықтады. Олар жеке тұлғаның еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алған, алайда жеке кәсіпкерде көп пәтерлі үй салып жұмыс істеп жатқаны анықталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 100 айлық есептік көрсеткіш сомасында айыппұл тағайындалды.
Шетелдік азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жедел профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button