
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен жеңіл көлік себепші болған көрінеді. Жол көлік оқиғасында екі автокөлікте қатты зардап шекті, жолаушылар медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі, оның екі жолаушысы және түрлі дене жарақаттары бар жедел жәрдемнің екі жолаушысы облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді, — деп хабарлады ведомствода.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News