ҚазақстанҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОП

Жеңімпаз тарихы

Биылғы жылы еліміз атақты спортшы, Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, ҚазКСР еңбегі сіңген жаттықтурышы Жақсылық Үшкемпіровтың 70 жасын тойлайды.

Жақсылық Үшкемпіровтың отандық спортты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі туралы оның әріптестері айтып өтті.

  • Мен ең алғаш рет Жақсылықпен 1968 жылы кездестім, – деп есіне алды классикалық күрестен спорт шебері Қайырбек Масалимов. – Мен ол уақытта Семейдің мал дәрігерлік институтының екінші курсында оқып жүргем. Ал Жақсылық сол уақытта бірінші курсқа жаңа қабылданды.

Сол жылдары Семей мал дәрігерлік институты студенттер үшін спорттық пәндер бағдарламасын енгізген. Дене шынықтыру пәнінің орнына бокс, күрес және спорттың басқа түрлері бойынша жаттығулар өтетін.

  • Сол кездері біздің жаттықтырушы жаңа күрес тобына жас балаларды жинап бастады және маған лайықты жігіттерді табуды сұрады. Бір күні мен таңертеңгілік уақытта Жақсылықты киім ауыстыратын жерде көрдім де, әдейі итеріп қалдым. Оның аяқта нық тұрғанын көрдім. Содан кейін, «Күреске барғың келеді ме?» деп сұрадым. Ол келісті және сол күні жаттығуға келді, – деп еске алды Қайырбек Масалимов.

Жақсылық Үшкемпіров мықты спортшы екенін көрсетті және оны жаттықтыруды еркін күрестен танымал жаттықтырушы Владимир Лювунхай қолға алды. 1971 жылы жас спортшы еркін күрестен Қазақстан біріншілігін жеңіп алды. Бірақ көп ұзамай ол классикалық күреске қайта оралды. Бір жарым жыл өткеннен кейін ол еркін күрестен Кеңес Одағы чемпионатының қола жүлдегері танылды. Ал 1975 жылы КСРО халықтарының Спартакиадасын жеңіп алды.

  • Барлығы Жақсылықты Олимпиадаға шақыруға келе жатқан, бірақ оны алмады, – деді Қайырбек Масалимов. – Сол уақытта ол спорттан түңіле жаздады, еркін күрес бойынша құрамада қалмағанына өкінді, тіпті күреспен түпкілікті қоштасқысы келді. 1970 жылдардың аяғында мен Қатонқарағай ауданында мал дәрігері лауазымында жұмыс істеп жүргенмін. Жақсылықты ауылыма демалуға шақырдым. Оның шаршағанын байқадым. Иә, бір жыл ішінде түрлі деңгейдегі жеті жарысқа қатысқан. Біз Бұқтырмаға, Рахман бұлақтарына бардық, Берелде болдық. Бір ай бойы демалдық.
Фото: ашық дерек көздерінен

Демалыстың септігі тигені байқалды. Мәскеуде өтетін Олимпиадаға шақырылды және  айқын жеңіске жетті. Сол жылы ол Еуропа чемпионатында екінші жүлдегер болды. Бір жылдан соң жас спортшы әлем чемпионы атағын иеленді, ал 1982 жылы Әлем кубогының күміс жүлдегері танылды.

Кейінірек, 90 жылдардың басында Жақсылық Үшкемпіров классикалық күрес бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеп жүріп, қосымша бизнеспен айналысуға шешім қабылдады. Мал шаруашылығын қолға алды, басында ұсақ малдар өсірді, кейіннен шаруашылығында жылқы, ірі қара малдар пайда болды. Көп ұзамай оның шаруашылығы аудандағы ең ірі шаруашылықтардың біріне айналды…

2014 жылы Жақсылық Үшкемпіровтың есімі FILA Даңқ залында мәңгілікке жазылды. 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жақсылық Үшкемпіровке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Сонымен қатар облыстың құрметті тұрғыны «Құрмет белгісі» орденімен және қазақстандық «Құрмет», І дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталды. 2020 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

2020 жылғы тамызда Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды. Олимпиада жеңімпазының организмі короновирусты жеңе алмады…

  • Ол сол уақыттағы Семей облысының, жалпы Шығыс Қазақстанның спортын дамытуға үлкен үлес қосты. Ол көрнекті спортшы және жаттықтырушы болды. Өскемен қаласындағы «Жекпе жек» спорт кешенінің құрылысына белсенді қатысты. Оның сіңірген еңбегі есте қалады және оны мақтан тұтады деп ойлаймын, – деді Жақсылық Үшкемпіровтың әріптесі, классикалық күрестен спорт шебері Есенгелді Төрежанов.

 

Көрнекті спортшының өмірі мен спорттық жолы «Жақсылық» көркем фильмі сценариіне негіз болғанын айтып өткіміз келеді. 2019 жылы режиссер және сценарист Бақыт Қайырбековпен түсірілген спорттық драманың тұсаукесері еліміздің кинотеатрларында аншлагпен өтті. Оның өмірлік ұстанымы, еңбекқорлығы және еліне деген сүйіспеншілігі қазақстандық жас  буынға үлгі болғаны сөзсіз.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button