Covid-19ҚазақстанҚоғамТОП

Ғалым коронавирустың дельта штаммына қарсы қай вакцина тиімді екенін айтты

Ресейлік ғалым Сергей Нетесов векторлы және мРНҚ-лық вакциналар коронавирустың үнді штаммынан қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Қазақстандағы “Спутник V” вакцинасы “дельта” штаммына қарсы 90%-ға тиімді.

“Ұлыбританиядан, АҚШ-тан және басқа елдерден алынған мәліметтер бойынша, мРНҚ (Pfizer және Moderna) және векторлық вакциналар, соның ішінде біздің Sputnik V дельта штаммынан қорғайды. Коронавирустың алғашқы мутациясына қарсы 95%, ал “дельта” нұсқасына қарсы 90% тиімділік көрсетеді”, – деді вирусолог.

Сонымен қатар, ол вакцинация мен эпидемиологиялық сақтық шараларын ұмытпау COVID-19-ды жеңуге  көмектесетінін атап өтті.

Айта кетсек, бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті – 4 319 897 адам, екінші компонент – 2 422 378 адам салғызған. Күніне орта есеппен 100 000 азамат вакцина алуда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button