ШҚООқиғаТОПШҚО

Өскеменде төрт көлік соқтығысып қалды

Өскеменде бүгін таңертең төрт бірдей көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері зардап шегушілерге оқиға орнында алғашқы көмекті көрсетті. Ал ауруханаға барудан жолаушылардың өздері бас тартқан көрінеді.

Полиция басқармасының деректеріне сәйкес, оқиға Сәтпаев даңғылында болған. Жол апатына себепкер Лада Приора маркалы көліктің жүргізушісі. Жоғары жылдамдықпен келген жеңіл көлік алдындағы Ниссан Максиманы соққан. Одан кейін қарсы бағытта келе жатқан Субару Легасиді де іле кеткен. Соңында тағы бір Приораға соғылып тоқтапты.

Оқиға орнындағы тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button