ҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде Ертіс жағасында жоғалған 8 жасар қыз табылды
Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде сағат 23:00 де Семей қаласы полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғыны 8 жасар қызының әкесімен өзенге кетіп содан жоғалып кетуіне байланысты көмек көрсетулерін сұрап жүгінді, деп хабарлайды Semey News.

Сол күні әкесі белгісіз адамдармен спирттік ішімдік ішкені салдарынан баланы қадағаламай, одан көз жазып қалған анықталды.
Алынған хабарламадан кейін жоғалған кәмелетке толмаған қыз баланы іздеуге қалалық полиция басқармасы мен ұлттық гвардия әскери қызметкерлерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру шаралары түні бойы жалғасты.
8 шілде күні таңғы уақытта қыз бала сол күні өзен жағасында болған әйел адамның пәтерінен табылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, анасының қолына тапсырылды.
Жоғалып кеткен қыздың анасы өз кезегінде полиция қызметкерлеріне жедел және кәсіби қызметтері үшін алғысын білдіреді.
Semey News