
Қала басшысы жалпы қала бойынша екпе жұмыстары қарқынды жүріп жатпағанын хабарлады.
“Тұрғындармен жұмыс сапасын арттыру керек және әр қала тұрғынына эпидемияны тек вакцинация алу арқылы ғана тоқтатуға болатынын жеткізу қажет. Қазіргі уақытта қала бойынша 82 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Дегенмен, бұл жалпыұлттық иммунитетті қалыптастыру үшін өте аз”, – деп атап өтті Б.Байахметов.
Сонымен қатар Б.Байахметов қала тұрғындары вакцинаны стационарлық емханаларда немесе адамдар көп жиналатын орындардағы жылжымалы пункттерден ала алатындарын атап өтті.
Қазіргі уақытта қала бойынша короновирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күнделікті артуда.
“Өкінішке орай, облыста жұқтырғандар бойынша Семей қаласы көш бастап тұр. Сондай-ақ, сала мамандары науқастардан “Дельта” штамы белгілерін байқауда. Бұл, өз кезегінде өте қауіпті”, – деді қала әкімі.
Б.Байахметов барлығын әлемдік тәжірибені ұстануға және тиісті емделуден бас тарпауға шақырды.
Semey News