
“Бала анасымен бірге 9 шілде күні Шымкент – Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортына отырды. Ұшақ көтерілген кезде өзін жайсыз сезінді. Экипаж оны оттегі баллонына қосты. Бала осылай 30 минут тыныс алды”, – деді әуе компаниясында.
Ұшақ төмендеген кезде жолаушы есінен танып қалды.
“Экипаж ұшақ төмен түскен кезде де, қонған кезде де жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Дефибриллятор да қолданылды. Әуежайда бала дәрігерлерге табысталды. Алайда, өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Аir Astana баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – деді әуе компаниясында.
Semey News