ДенсаулықҚазақстанҚоғамТОП

Президент медициналық мекемелердің қондырғылармен жабдықталу деңгейін сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық қондырғыларды сатып алу жүйесін орталықтандыру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вируспен күрес аясында денсаулық көрсеткіштері күрт түсіп кетті. Аналардың өлімі үштен бірге, жүрек ауруларынан туындайтын өлім-жітім 40 пайызға өсті. Бұған әсіресе реанимациялық бөлімшелері мен жедел жәрдемнің жабдықталу деңгейінің төмендігі де әсер етіп отыр. Денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті қондырғылармен жабдықтауды жедел ұйымдастыруға басы артық процедуралар жиі мүмкіндік бермеуде», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол қажетті құралдардың дер кезінде жетпей жатуына жемқорлық тәуекелдердің де қатысы бар екенін атады.

«Медициналық өнімдердің сараптамасы мен тіркелуі жоғары жемқорлық тәуекелдермен байланысты. Қондырғылардың құнын ақылға қонымсыз түсіру де жабдықтау деңгейінің төмен болуына әсер етіп отыр. Бір бұйымның бағасы өңір-өңірде, тіпті кейде бір өңірдегі клиникаларда әр түрлі болып жатады. Мысалы жүрек қалқаншасының жасанды құрылғысы 165 мыңнан 600 мың теңгеге дейін құбылады. Коронарлық стендтердің бағасы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін өзгереді. Бәлкім медициналық қондырғыларды сатып алу дәрі-дәрмектерді «СҚ Фармация» арқылы сатып алудың үлгісімен орталықтандыру керек шығар. Айтпақшы, бұл компанияның жұмысында белгілі бір ілгерілеу бар», – деді Президент.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button