ҚоғамСемейТОП

Семейдегі бақылауы жоқ Арнайы ХҚКО

Семейде қала тұрғындары жергілікті арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына шағымдануда, деп хабарлайды Semey News.

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін тапсыратын емтиханнан өту мүмкін емес екеніне шағымдануда. Себептері көп, мысалға алғанда, автодром істемейді, автокөлік сынған және тағыда сол сияқты.

Арнайы ХҚКО келушілердің айтуынша, емтиханды екі қалада тапсыру керек. Теориялық бөлігін тапсырғаннан кейін, болашақ жүргізушілерге Өскемен қаласына баруға кеңес береді. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі, міне жыл басынан бастап емтихан тапсыра алмай жүргенін айтуда.

  • Арнайы орталықтың жұмысына кім бақылау жасайды? Атап айтқанда, Семей қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында не болып жатқаны түсініксіз, бұл қастандықпа әлде біреу қасақана жасаудама? «С1» санаттағы жүргізуші куәлігіне міне қаңтар айынан бастап тапсыра алмай жүрмін. 3 ай бойы автодром істемеді, одан кейін жөндегендей болды, дәл осы уақытта «С1» санатына практикалық емтихан тапсыратын көлік сынып қалды, әлі күнге дейін істемейді. Теориядан өткендердің барлығына, практика жүзінде Өскеменге барып тапсыруға кеңес беремін, осылары дұрыс па? Қанша қаражат бөлінді, көліктері істемейді, осының бәріне кім жауап береді? Емтиханның 1 бөлігін тапсырғандар неліктен екінші бөлігін тапсыру үшін басқа қалаға барулары керек? Мұның бізге қатысы қанша? Егер автокөлік істемесе, онда оқу көлігімен қызметкерді қалаға шығарыңдар. Осы тәртіпсіздікке кім жауап береді? Мен, әрине, осының бәрін түсінемін, егер шұғыл болса, бірақ 6 ай болды, міне 7 айға кетті ғой, осы бір көлікті жөндеуге немесе осы сұрақты шеуге болады ғой, – деп әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірі наразылығын білдірді.

Әлеуметтік желідегі комментарийлерде Арнайы ХҚКО сыбайлас жемқорлықты, тіпті жекелей санаттар 80 мың теңгеге дейін жететінін айтуда. Арнайы ХҚКО басшылығы жағдайды түсіндіруден бас тартуда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button