
Суға батып кеткендері туралы хабарлама түскен күннен бастап құтқарушылармен күнделікті су асты және жағалау бойынша іздеу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушыларға көмекке әскерилер тартылып, қайықтармен жағалау аймақтары зерттелді.
Іздеу жұмыстарының 4 күнінде, оқиға болған жерден ағыспен төмен қарай 23 шақырым жерден 2001 жылғы жас жігіттің денесі табылды. Ал бір тәуліктен кейін, 2000 жылғы екінші жігіттің денесі табылды.
Еске сала кетейік, оқиға 5 шілдеде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, екі жігіт Ертіс өзенінен малтып өтіп келе жатып, лезде көзден таса болған.
Semey News