
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорынның трансформаторлық подстанциясында электр кабельдері өртенген. Подстанция қатты түтінденуіне байланысты өрт сөндірушілермен түтін сорғыш орнатылды және желдету жүргізілді.
Өрт 10 сағат 27 минутта сөндірілді. Өртенген кабельдің ұзындыңғы – 21 метр.
Жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 28 адам және 8 бірліктегі техника жұмылдырылды.
Өрттің шығуына, алдын ала болжам бойынша, авариялық жағдайдағы электр жабдықтары себеп болған.
Semey News