Бірінші жарты жылдықта 2700 әкімшілік іс қаралды – Семей
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ШҚО Семей қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотына 2700 әкімшілік іс келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 573 іске аз, деп хабарлайды Semey News.
Бұл туралы онлайн-баспасөз мәслихатында сот төрағасы Ескендір Шыныбаев мәлімдеді.
-Сот 6 айда 2651 істі қарады. Сот төрағалары айына орта есеппен 110 істі қарап үлгерді. Апелляциялық, кассациялық тәртіппен өзгертілген, күші жойылған сот актілерінің пайызы қаралған істер санының 0,2% – ын құрады. Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде медиацияны қолдану арқылы 428 іс қаралды, – деді Ескендір Шыныбаев.
Конференцияда атап өтілгендей, осы жылы барлық әкімшілік істер мен өтініштер “Сот кабинеті”порталына келіп түсті. Жарты жыл ішінде 52 жеке қаулы шығарылды.
– Есептік кезеңде 478 сот актісі орындалмаған. Оның 471 – і-айыппұл болса, 7-і-тәркілеу. Сондай-ақ, “Түңгі сот” пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 48 іс және “отбасылық сот”пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 727 іс қаралды. Бірінші жартыжылдықта “Сот кабинеті” порталы арқылы сотқа 200 өтініш келіп түскен. 3000-нан астам СМС – хабарлама жіберіліп, олар бойынша сот процестеріне қатысушылардың 95% – ы келді, – деп толықтырды Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотының төрағасы.
Карантиндік шаралардың жүргізілуіне байланысты соттағы барлық процестер онлайн режимде өтуде. Енді сіз үйден шықпай-ақ процестің барысы туралы ақпарат ала алып, құжаттармен танысып, өтініш бере аласыз. Сотқа “Сот кабинеті” электрондық сервисі арқылы ХҚКО-ның кез келген бөлімшесінде жүгінуге болады. Бұл үшін тек “Ұлттық куәландырушы орталықтың” электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет. Оны ХҚКО-дан алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72-22)34-78-60 телефонына хабарласуға болады.
Semey News