Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы жөнінде онлайн-баспасөз конференциясында ШҚО №2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Раушангүл Байжұманова айтып берді.
– Сотта “Отбасылық сот” пилоттық жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Пилоттық жобаны іске асыру бойынша ШҚО заңгерлер алқасы мен “билер кеңесі” қоғамдық бірлестігінің қатысуымен меморандумдар жасалды. Тұрғындарға заңнама талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қаланың мектептерінде, лицейлерде және ЖОО – да дәрістер өткізеді, – дейді Раушангүл Байжұманова.
Баспасөз конференциясы соңында ювеналды сот төрағасы еліміздегі сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттарына негізделгенін атап өтті.
Semey News