Жарысқа қатысушылар Семейге келісімен қаланың көрікті жерлерімен танысты, Абай мұражайында болды, Бейбітшілік аралындағы “Өлімнен де күшті” монументіне барды, қаланың аспалы көпірінде және Қарағайлы ықшам ауданында болып қайтты. Сонымен қатар, қонақтардың сапары кезінде, Ақтөбе қаласының өкілі, ҚР бейнелеу өнеріне қосқан ерекше үлесі үшін Үкіметтік “Ерен еңбегі үшін” медалінің Кавалері, КСРО суретшілер одағының мүшесі, абайтанушы Таймас Тулеушев, ұлттық өнерді дамыту мен сақтау жолындағы көп жылғы еңбегі үшін Семей қалалық мәслихатының құрмет грамотасымен марапатталды.
Чемпионаттың ұйымдастырушысы № 4 арнайы мектеп-интернаты. Жарыстың демеушілері “Роза” ЖШС және “Нейромед” емханасы. Чемпионатқа еліміздің әр түкпірінен әйелдер мен ерлердің командалары жиналды. Турнир нәтижесі бойынша ерлер мен әйелдер арасында да Алматы командасы жеңіске жетті.
Semey News