ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қараусыз қалған жер асты өткеліне түсті

Қала әкімі Бақытжан Байахметов қараусыз қалған жаяу жүргіншілердің жер асты өткелін қалыпқа келтіруге тапсырма берді, деп хабарлайды Semey News.

Қала басшысы қаланы таңертеңгілік аралау барысында жауапты қызметтердің назарын “Қамбар” СҮ ауданында орналасқан жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайына аударды. Ешқандай сынды көтермейді.
“Қоқыстың көп болуы, арамшөптердің басуы, жарықтың жоқтығы коммуналдық қызметтердің аталған объектіге ұзақ уақыт назар аудармағанын көрсетеді. Тиісінше, халық жерасты өткелін пайдаланбай, өмірлеріне қауіп төндіріп, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуге мәжбүр.
Әрине, бұндай жағдайға орын беруге болмайды. Қысқа мерзімде барлығын жөнге келтіру тапсырылды”, – деді Б.Байахметов.
Мерзімі анықталды. Жүргізілген жұмыстың сапасы жақын арада қаланы кезекті аралау барысында тексерілетін болады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button