ҚазақстанҚоғамҚылмысТОП
Полицейлер жалған вакциналау паспортын алғандар қанша уақытқа қамалатынын айтты
Полиция жалған құжат дайындағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын, ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті, деп хабарлайды Semey News Sputnikке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда шетелге шығатын адамдарға жалған вакциналау паспорттарын дайындаған туристік компания анықталған. Олар Сауд Арабиясы Корольдігіне баратын қажыларға барлығы 143 паспорт жасаған.
“Туристік фирманың кеңсесін тінту кезінде ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды”, – деп хабарлады полиция.
Полиция жалған құжат дайындағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын, ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертті.
Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасау, сондай-ақ оларды пайдалану бойынша 30 қылмысты тіркеді.
Semey News