ҚоғамСемейТОП
Семей қалалық ТЖ басқармасында ерлігі үшін марапаттады
Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының кризис орталығында өткен брифингте Затон аудандық полиция бөлімінің қызметкері Қанаш Құрманбаевты және "Шығыс" ӨҚ әскери бөлімінің взвод командирлері Асан Ташонды және Фарух Қадырқұловты ерлігі үшін алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды Semey News.

Естеріңізге сала кетсек, аталған азаматтар өзен ағысы алып кете жаздаған екі қызды құтқарып қалған.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен, батылдық пен жанқиярлық танытқандары және ерлігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Semey News



