
2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында Үкімет қаулысының негізінде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі.
Мұндай акциялар барысында облыс тұрғындарынан тарихи және мәдени құндылығы бар қару-жарақ қабылданады, мысалы, Тула қару-жарақ зауытында шығарылған шебер Н.Кураковтың 1889 жылғы үлгідегі тегіс ұңғылы шомполь мылтығы және Америка Құрама Штаттарының армиясы қызметінде болған 1900 жылы шығарылған Браунинг-Патент маркалы тапанша.
Полиция департаменті кез келген азаматтың ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсыра алатынын түсіндіреді, бұл ретте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес ол әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Осы бағыттағы жұмыс өтеусіз негізде жалғасуда, оның барысында 3 бірлік қару ерікті түрде қабылданды.
Semey News