ҚазақстанТОП
Алматыдан 374 км қашықтықта жер сілкінді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 8 шілде күні Алматы уақытымен 19 сағат 05 минут 50 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Semey News ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 374 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 11,6. MPV магнитудасы – 5,5.
Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.
Semey News



