
Алакөл көлінде екі демалушы скутермен серуендеу барысында аударылды. Күнделікті кезекшілік жүргізетін жедел-құтқару жасағы дер кезінде көмекке келіп, үлгерген.
“Оқиға 8 шілдеде болған: ер адам мен әйел адам скутермен серуендеген. Жағадан шамамен 400 метр жерде көлік аударылып қалған. Мұны кезекшіліктегі құтқарушылар дер кезінде байқаған”, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД.
Құтқарушылар жеке қайықпен оқиға орнына жедел жетті, скутерден ұстанып тұрған әйел есеңгіреп қалған. Құтқарушылар демалушыларды өздеріне тартып, қайыққа көтерілулеріне көмектесті. Осылайша суға батып кете жаздаған екі адам жағаға жеткізілді және медициналық көмектен бас тартты.
Semey News