ШҚОҚоғамТОПШҚО
Шемонаиха қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қатысты семинар өтті
"Шығыс Қазақстан облыстық жастар және балалар ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалы Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен Шемонаиха қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде парасаттылыққа тәрбиелеу және белсенділікті арттыру бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды Semey News.

Аталған алдын алу іс-шарасының мақсаты – ашықтық, әділдік пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Іс – шараға Шемонаиха аудандық әкім аппаратының өкілдері, құқық қорғау органдары мен жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты. 52 адамды қамтыған семинарды “Жас Заңгерлер Достастығы” ҚҚ өкілі, заңгер Смагулов Диас өткізді.
Semey News