ҚоғамСемейТОП

Семейде Ақкөл мешітін  қалыпқа келтірмек

Жергілікті тұрғындар 1907 жылы салынған ағаш мешітті қалпына келтіру үшін қаражат жинауды бастады, деп хабарлайды Semey News.

Бұл құнды жәдігер іспетті ғимарат көп жылдар бойы жұмыс істемесе де, тұрғындар бағалайтын ағаш сәулет өнерінің ерекше ескерткіші болып табылады. Алайда,  мешіт бүгінде  апатты жағдайда.  Сондықтан жергілікті тұрғындар ескерткішті өздері қалпына келтіруді ұйғарды.
– Ұзақ уақыт бойы жергілікті тұрғындар мен осы жерден өткен әр жолаушы мешіттің апатты жағдайда тұрғанын, жөндеу қажет екенін біледі.  Жергілікті белсенділер, Семей имамдары жиналып, тарихи ғимаратты сақтап қалу үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйғарды. Бүгінде олар мұнараны көтеріп, іргетасын толтырды. Жергілікті билікпен де келіссөздер жүріп жатыр. Сондай-ақ, шатырды жөндеу, терезелер мен есіктерді орнату қажет. Әр апта сайын мұнда 30-дан 60-қа дейін адам жиналып, таңғы 9-дан кешкі 18-ге дейін жұмыс істейді.  Кәсіпкерлер, белсенділер қаржылай көмектесіп жатыр. “Kaspi Gold” – та арнайы қор ашылды. Оған жаны жомарт жандар қаражат та жіберіліп жатыр, – дейді белсенді Ержан Нұрғалиев.

Мешітті жергілікті бюджеттен қалпына келтіруге қаражат бөлу үшін тарихи-мәдени сараптама қажет. Бүгінгі таңда ескерткіш құжаттамасын әзірлеуге лицензияланған компаниялардан баға ұсыныстарын жинау жүргізілуде.
-Тарихи-мәдени сараптама, паспорттау және ескерткіштің қорғау аймағын анықтау қажет. Барлық осы рәсімдер жүргізілгеннен кейін осы объект бойынша тарихи-мәдени сараптама қорытындысы болады. Біз оның қандай күйде екенін, қандай жөндеу қажет екенін сол арқылы білеміз. Осыдан кейін біз бұл нысанды 2022 жылға арналған жөндеу жоспарына қосу туралы ұсыныс енгіземіз, – деп қорытындылады Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің бөлім меңгерушісі Мақсат Құсайынов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button