
Ержан Дакиевтің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын Үржар ауданында болып, кішігірім ауылдарда әдемі жаңа мешіттер бой көтергенін көріп, Шемонаиха қаласында жаңа мешіт салу туралы ой қалыптасқан.
- Бизнесмендердің көпшілігі сауда үйлерін, кәсіпкерлікке арналған нысандар салады. Бірақта бұл нысандар адамның жадында сақталмайды, ол ғимараттарды бір-біріне сатып жіберулері мүмкін. Сонда мен ауданымызда жаңа мешіт салуға ойландым, артымда кейінгі ұрпаққа өзім туралы із қалдырғым келді, – деді Ержан Дакиев.
Тура 30 жыл бұрын кәсіпкердің атасы да осылай жасаған. 1991 жылы ол жергілікті билік күшіне жүгініп, Шемонаихада алғашқы мешіттердің бірін салу үшін сол уақытта жұмыс істеп тұрған «Березка» бала-бақшасы ғимаратын бөлуді сұраған. Содан кейін ол өзі имам болды. Енді немересі жаңа мешіттің қабырғасын көтеруге кірісті.
Ержан Мейрамұлының айтуынша, жаңа мешіт құрылысы өткен жылы басталуы керек болған, алайда пандемияға байланысты құрылыс шегерілді. Соған қарамастан, құрылыс материалдарының негізгі бөлігі алдын-ала сатып алынған, мешіт жобасы әзірленген. Жоба ақсақалдар кеңесімен құпталды, мемлекеттік қордан қайтарусыз негізде жер учаскесі бөлінді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында жаңа мешіт салынатын жерге Құран сөрелері жазылған капсула орнатылды. Ал сәуір айында құрылысы басталды.
Жобаға сәйкес мешіт үш деңгейден тұрады. Цокольдық қабатында қатымхана болады. Бірінші қабаттың негізгі залы қажылық жасауға арналған, ал әйел адамдар үшін мешіттің оң қанатындағы балконда орын жабдықтау жоспарланған. Мешіт бес жүз адамға арналған, ал қатымхана бір уақытта 300 адамды сыйдырады. Онда тек діни шаралар жүргізіледі.
Мешіт құрылысы аяқталғаннан кейін оның айналасын көркейту, көгалдандыру шараларыда қарастырылған. Жеміс ағаштары отырғызылып, келушілерге арналған кең тұрақ жабдықталады.
Мешіт құрылысына қазірдің өзінде 20 млн теңге салынды. Жобаны толықтай іске асыруға шамамен 80 – 100 млн теңге сомасында қаражат керек.
Биылғы жылы қабырғаларын көтеру, төбесін жабу, минарет салу көзделген. Алдағы жылы мешіт аумағын абаттандыру жоспарлануда.
Құрылыс барысымен танысамын дегендер Instagram парақшасынан көруге болады, әр он күн сайын Ержан Дакиев құрылыс барысы, барлық кірістер мен шығыстар туралы есептер салады.
Semey News