Бірінші жағдай 6 шілдеде Затон ауданындағы дамбыда орын алды. 1988 жылғы әйел адам суға шомылуға барып, суға батып кеткен.
Екінші жағдай «Орлиное гнездо» кафесі ауданында болды. 5 шілдеде, куәгерлердің айтуынша, 2 ер адам Ертіс өзенін жүзіп өтіп келе жатып, көзден таса болған. 7-құтқару бөлімінің қызметкерлерімен жағалау ауданы қарастырылды, ал қазіргі таңда су асты іздеулер жүргізілуде. Іздестіруге ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскерилері жұмылдырылды.
Ал 2014 жылғы кішкене қыз баланың жолы болды, оны құтқарып қалды. Ол ата-апасымен бірге өзен жағасына демалуға барған, оны үрлемелі шеңбермен өзен ағысы демалып отырған орнынан бір шақырым жерге алып кеткен. Оны куәгерлер құтқарып қалды. 23 жасар Асан Ташон және Фарух Қадырқұлов, ағыс баланы жылдам әкетіп бара жатқанын байқаған, артынша балаға жүзіп барып, жағаға алып шыққан.
Осы уақытта жағалауға патрульдеуде жүрген 7-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері қайықпен өтіп бара жатқан, олар қызды ата-апасына жеткізді. Асан Ташон және Фарух Қадырқұлов екеуі де «Шығыс» ӨҚ взвод командирлері.
Осындай жағдай 4 шілдеде орын алды. Затон аудандық полиция бөлімінің қызметкері Қанаш Құрманбаев отбасымен бірге Бейбітшілік аралында демалуда болған. Шамамен 13 жасар қыз баланы үрлемелі шеңбермен ағыс ағызып бара жатқанын байқаған. Бір минутта ойланбастан қызды құтқаруға ұмтылып, қызды жағаға алып шыққан.
Семей қалалық ТЖБ қала тұрғындарын және қала қонақтарын су айдандарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.
Semey News