ҚоғамСемейТәуелсіздікке 30 жыл
Семей әскерилері Елорда күніне арнап велошеру өткізді
Семей гарнизоны Астана күніне арнап велошеру өткізді, бес жүзден астам әскерилер қатысты, деп хабарлайды Semey News.
Велошеру таңертеңгі сағат 07:00-де басталды. Қатысушылар Абай тас жолы арқылы Абай әуежайына дейін барды және кері қайтты. Жалпы әскерилер 10 шақырымнан артық қашықтықты бағындырды. Семей гарнизонының әскери полиция қызметі велошеруге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
- Велошеру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Елорда күніне арналған. Қатысушылардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты, – деп атап өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов.
Semey News