ӘлемСпортТОП

Италия – Еуропа чемпионатының финалына шықты

Футболдан Еуропа чемпионатының финалына шыққан алғашқы команда анықталды. Испанияны жеңген Италия финал жолдамасын иемденді, деп хабарлайды Semey News.

Италия – Испания – 1:1, 4:2 пен. (0:0, 1:1, 0:0, 0:0)

Голдар: Кьеза 60 (1:0), Мората 80 (1:1)

Матчтың негізгі уақытында командалар тең түсті. Кьеза екінші таймда есепті ашса, Мората таразы басын теңестірген.

Қосымша қосылған қосалқы уақытта гол соғылмай, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Пенальтиде Италия құрамасы дәл болып, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button