ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Ақсу қаласында полиция қызметкері гаражда асылып қалған

Павлодар облысында полиция қызметкері өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары бұған не себеп болғанын анықтап жатыр.

Полицейдің денесі 5 шілде түн жарымында табылған.

«5 шілде күні сағат 00.40 кезінде полиция майорының денесі гараждан табылды. Ол асылып қалған. Аталған факті негізінде соталды тергеу басталды» деп мәлім етті облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.

Кей ақпарат көздерінің мәліметінше, ол полиция инспекторы болып жұмыс істеген. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық қажетті сараптама тағайындалған. Істің жай-жапсары тергеу кезінде анықталады.

Pavlodarnews ресурсының мәліметіне сенсек, бұл – өңірдегі биылғы осындай үшінші жағдай. Сәуірде полицей асылып қалған, ал мамырда Железин ауданында полицей өзін өлтіру үшін иығына оқ атқан еді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button