БілімОқиғаТОП

Ресейде 28 адам мінген ұшақ құлап, жолаушылар түгел қаза тапты

Камчаткада жоғалған Ан-26 жолаушылар ұшағының қалдықтары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында ақпарат агенттігіне «Камчатка әуе кәсіпорны» компаниясының бас директоры Алексей Храбров мәлім етті.

«Иә, ұшақ қалдықтары табылды. Қай жерде және қандай жағдайда табылғанын айта алмаймын. Оқиға орнына таңертең ұшақ пен тікұшақ ұшып барады» деді ол.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ әуежайдан 3,8 шақырым қашықтықтан, Палана деген елдімекенге жақын маңнан табылған.

Апат болған жерге 26 құтқарушы бара жатыр. Ұшақ енді қонуға беталғанда жартасқа соғылып, Охот теңізіне құлап кеткен. Ештеңе көрінбейтін ауа райы жағдайында, бүйірден жел соғып тұрғанда қонуға тырысқан ұшқыш жартасты байқамай қалған.

Айта кетейік, ұшақта 22 жолаушы мен 6 экпипаж мүшесі болған. Олардың ешқайсы аман қалған жоқ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button