ШҚОҚоғамТәуелсіздікке 30 жылТОПШҚО
Астана күнінде ШҚО Ұлан ауданында 12 отбасы қоныс тойын тойлады
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу шеңберінде Астан күнінде Ұлан ауданының 12 отбасы пәтер кілтін алды, деп хабарлайды Semey News.
Ұлан ауданының ТКШ бөлімінің басшысы Санат Бустакбаевтың айтуынша, екі пәтерлі жер үйлер ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасы бойынша «Бір қабатты Шығыс» жобасы шеңберінде тұрғызылған. Атаулы күні Қасым Қайсенов кентіндегі көп балалы алты отбасына және Бозанбай ауылындағы әлеуметтік осал санатындағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды.
- Қасым қайсенов кентіндегі он пәтердің алтауының кілтін табыстадық. Барлық пәтерлер жарық, кең, олардың жалпы аумағы 85 шаршы метр. Жалпы алғанда, Бозанбай ауылында екі пәтерлі үш үй тұрғызылуда және қасым Қайсенов кентінде, Таврия ауылдық округінде үш екі пәтерлі үй құырылыс аяқталу алдында. Олардың құрылысына қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Құрылысты биылғы жылы аяқтап, 16 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлаудамыз, – деді Санат Бустакбаев.
Астана күні пәтер кілтін алған отбасылардың бірі Ермековтарың отбасы.
- Біз жұбайымыз екеміз ТЖД қызмет жасаймыз, екеміз де мемлекеттік қызметшілерміз. Жас отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұрдық. Осы мерекелік оқиғаға ризхамыз. Енді Астана күні жыл сайын біз үшін ерекше күн болады, себебі осы күні біз өз үйімізді алдық, – деп қуанышымен бөлісті арай Ермекова.
Semey News