ШҚОҚоғамТОП

Алакөлде үш күн ішінде 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстанда Алакаөл жағалауында 22 адам ескерту алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Semey News.

3 шіледеден бастап «Қазгидромет» ШҚ филиалымен аптап және жоғарғы деңгейдегі өрт қауіпі туралы дабылдық ескерту жариялануына байланысты Үржар аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және полицейлермен күшейтілген профилактикалық шаралары жүргізілді.

«Осы күндері 4 рейд жүргізілді, ҚР ӘҚК 364-бабы бойынша ескерту алу түрінде 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар, атап айтқанда, кіші катерлерде демалушыларды арнайы жилеттерсіз,  ақаулы қайықтармен серуендеткен, жағажайдан алшақ жерлерде демалушыларды катерді басқаруға жіберген. Жалпы, барлық демалыс базаларының иелеріне өрт қауіпсіздігі және суға түсу маусымындағы қауіпсіздік туралы ұсыныс хаттар таратылды», – деді ведомствада.

«Үржарайым» балалар сауықтыру лагерінде ТЖБ қызметкерлері балалармен бірге жағажайда суға түсу ережелерін бекітті.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігін және суға түсу қауіпсіздігін қатаң сақтауды еске салады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button