ҚазақстанОқиғаТОП

Ақмола облысында найзағайдан шыққан өртті сөндірмек болған адам қаза тапты

Ақмола облысында найзағайдың түсуінен дала өрті өршіп, оны сөндірмекші болған ер адамның денесін күйік шалып көз жұмды, деп хабарлайды "Хабар 24" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, маусымның 4-інде Біржан сал ауданында дала өрті болды. Өрт сөндірушілер жеткенше тілсіз жауды Краснофлотск ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары және Белағаш ауылының 6 тұрғыны ауыздықтауға тырысқан.

Округ әкімі Аман Тәшімовтың айтуынша, тұрғындар дала өртін сөндіруге өздері шыққан. Өйткені өрт Белағаш ауылына қарай 7 шақырым жерде болған. «Округ әкімі атап өткендей, өртті сөндіру кезінде кенеттен екпінді жел тұрып, тұрғындар қызыл жалынның қоршауында қалды. Олар дереу қауіпсіз жерге шықты. Алайда 1984 жылғы тұрғын оттың ортасында қалды. Ер адам термиялық күйік алып, Степняк қаласындағы аудандық ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды»  деді ведомстводан.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button