“Қала көшелерін аралауды жалғастырудамын, себебі қала проблемаларын орнында ғана көре аласыз. Маған, қабылдау бөлімі және әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарынан шешімін талап ететін көптеген сұрақтар түсуде. Бүгін біз әріптестерімізбен Шульбинский заезд тұрғынының жүгінуі бойынша келдік. Ол, жолды су басу проблемасын шешуді, сондай-ақ арық жүйесін және жарықтандыру орнатуды сұраған”, – деп атап өтті Б.Байахметов.
Сонымен қатар қала әкімі Бозтаев көшесінің сыртқы келбетіне назар аударды. Сын көтермейді, отыратын орындықтар бүлінген, ағаш түптері өңделмеген, жалпы алғанда Ет комбинаты ауданындағы қоршаулар және аялдамалар бояуды қажет етеді.
“Жолшыбай Қабанбай батыр және Қаржаубайұлы көшелерінің қиылысындағы жер асты өту жолын қарадық, ол жерді де ретке келтіру қажет, ақтап-сырлап, жарықтандыру орнату керек”, – деп көрсетті қала басшысы.
Қала әкімі бірнеше нысандарды аралады, бұл жерлердің бәрінде аумақ тазалығына назар аударулар қажет.
“Біз қалалық әкімдіктің бөлім басшыларынан және мердігер мекемелерден берілген нұсқаулардың орындалуын қатаң талап ететін боламыз. Қалада тәртіп және тазалық болу керек”, – деп қорытындылады Б.Байахметов.
Semey News