
Ширек финалдың екінші белдесуінде екі дүркін Қазақстан Барысы Айбек Нұғымаров пен 2017 жылғы Қазақстан Барысы Еламан Ерғалиев шыққан болатын. Қызылордалық Еламан Ерғалиев қарсыласын «жартылай жеңіс» ұпайымен ұтып кетті.
Еске салсақ, тағы бір Қазақстан Барысы Мұхит Тұрсынов турнирден бірінші айналымда шығып қалды. Турнирдің алғашқы айналымында ол биылғы «Әскер барысы», екі дүркін финалист Ерасыл Қажыбаевпен кездесті. 4 минутқа созылған белдесуде Мұхит қарсыласына бүк ұпаймен жол берді.
Semey News