
Бүгін, сағат 13: 51-де құтқарушыларға Семей қ.Шугаев көшесінде бала лифтіде бұғатталғаны туралы қоңырау түскен. Лифт көпқабатты үйдің 7-қабатында тұрып қалды. Лифт қызметі қоңырауларға жауап бермеді, сондықтан ПИК қызметкері құтқарушыларға жүгінді.
№ 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері лифт кілтінің көмегімен лифт есігін ашты және 2008 жылы туған бала босатылды.
Semey News